Ата-әжелер елі болуы мүмкін
Туу деңгейі төмендеді.

Туу деңгейі төмендеп, жасы үлкен тұрғындары артқын Жапония «ата-әжелер елі» болуы мүмкін.
Шығыс Азиядағы Жапония елінде 2022 жылы алғаш рет туудың жылдық көрсеткіші 800 000-нан төмендеді.
2023 жылдың басындағы дерек бойынша 124,77 миллиондық Жапония халқының 29 пайызының жасы 65 жастан асқан, 11,6 пайызы 0-14 жас аралығында.
Жапония 65 және одан жоғары жастағы азаматтардың жалпы халық санындағы орны бойынша әлемде бірінші орында.
Одан кейін 24,1 пайызбен Италия және 23,3 пайызбен Финляндия келеді.
Жапония премьер-министрі Кисида Фумио Жапонияның туу деңгейінің төмендеуімен «әлеуметтік функцияларын орындай алмау қаупімен бетпе-бет тұрғанын» және биылғы жылы бала тәрбиесі саясатына назар аударатынын мәлімдеді.
Елде үкіметке қарасты «Балалар және отбасы агенттігі» сәуір айында жұмысын бастайды.
Кисида маусым айына дейін кешенді саясаттардың бюджетін екі есеге көбейтуді жоспарлайтындарын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар

Израиль күштері босқын лагеріне шабуыл жасады
«WAFA» ақпарат агенттігі шабуылда 2 палестиналықтың жарақат алғанын жариялады.