Әзербайжанның көмегін қабылдамады

Тегеран әкімшілігі Әзербайжанның көмек ұсынысын қабылдамады.

1941310
Әзербайжанның көмегін қабылдамады

Тегеран әкімшілігі Иранның Хой қаласындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Әзербайжанның көмек көрсету ұсынысын кері қайтарды.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Әзербайжан үкіметі Хойдағы жер сілкінісінен кейін елшілікке жасалған шабуылға байланысты екі ел арасындағы соңғы дағдарысқа қарамастан Иранға көмек ұсынды.

Тегеран әкімшілігі Әзербайжанның көмек ұсынысын қабылдамады.

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектеспей отырған Иран үкіметі басқаларға да көмектесуге мүмкіндік бермейді.

28 қаңтарда Иранның Батыс Әзербайжан провинциясының Хой қаласында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі болды. Ресми деректерге қарағанда, Әзербайжан түріктері тығыз қоныстанған аймақта жер сілкінісі салдарынан 1500 үй зардап шекті.



Ұқсас жаңалықтар