Финляндия мен Швеция НАТО-мүшелігіне кіргісі келеді
Санна Марин мен Ульф Кристерссон Швецияның астанасы Стокгольмде ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Финляндия премьер-министрі Санна Марин мен Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон елдерінің НАТО-ға мүшелігінің бірге бекітілетініне сенетіндерін мәлімдеді.
Санна Марин мен Ульф Кристерссон Швецияның астанасы Стокгольмде ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Марин мен Кристерссон елдерінің қауіпсіздігінің бір-біріне байланысты екенін айтып, НАТО-ға мүшелікке өтініш беру процесін бірге бастаған кезде бірге аяқтағылары келетіндерін білдірді.
Финляндия премьер-министрі Марин Швециямен НАТО мүшелігіне өтініш бергендерін және бұл процесті бірге аяқтағылары келетіндерін баяндады.
Марин «Біз бірге жұмыс істеудеміз. Бұл мәселе бойынша күн сайын тығыз байланыстамыз. Әрине Түркияның да, Венгрияның да өтінішімізді тезірек мақұлдауын қалаймыз» деген сөздер қолданды.
Марин Ресей-Украина соғысы салдарынан Еуропадағы қауіпсіздік тәртібінің біржола өзгергенін және осы себепті НАТО-ға қосылуды қалайтындарына назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар

Блинкен АҚШ сенатының сұрақтарына жауап қайтарды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы АҚШ Сенатында Сыртқы істер министрлігі бюджеті туралы отырысқа қатысты.