«BioNTech» Германиядағы базасының ауқымын кеңейтті
Марбургтегі базаны аралаған Германия канцлері Олаф Шольц «BioNTech» инвестициясын құптағандарын айтты.

«BioNTech» неміс биотехнологиялық компаниясы Франкфурт Марбургтегі зауытында mRNA негізіндегі вакциналардың маңызды құрамдас бөлігі плазмидті ДНК өндірілетін нысанның құрылысы аяқталғанын хабарлады.
«BioNTech» компаниясы құрылысы аяқталған нысанға 40 миллион еуро инвестиция салынатынын білдірді.
Мәлімдемеге қарағанда, қатерлі ісік пен жұқпалы ауруларға арналған mRNA негізіндегі препараттар үшін керек плазмидтік ДНК компоненттерінің көпшілігі осы нысанда шығарылады.
Марбургтегі базаны аралаған Германия канцлері Олаф Шольц «BioNTech» инвестициясын құптағандарын айтты.
Германияның биотехнологиялық компанияларына мұндай зауыттарды тезірек ашуға, жаңа емдеу әдістерін әзірлеуге және олардың өнімдерін нарыққа шығаруға көмектесу үшін көп нәрсе істеу керек екенін атап өткен Шольц денсаулық сақтау компаниялары үшін заңнамалық базаны жақсартуға уәде берді.
Негізін қалаушылардың бірі түрік ғалымы Угур Шахин болып табылатын «BioNTech» компаниясы 2020 жылы штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан «Novartis» фармацевтикалық компаниясынан Марбургтегі нысанды сатып алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Блинкен АҚШ сенатының сұрақтарына жауап қайтарды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы АҚШ Сенатында Сыртқы істер министрлігі бюджеті туралы отырысқа қатысты.