"Қытай сабақ алып жатыр"
НАТО Бас хатшысы Жапонияда.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Қытайдың Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарының нәтижесін мұқият қадағалап, болашақ шешімдеріне әсер етуі мүмкін сабақ алғанын айтты.
Йенс Столтенберг Шығыс Азия сапары аясында Жапонияға барып, Токиодағы байланыстарынан кейін Кейо университетінде сөз сөйледі.
«Жапония - маңызды жаһандық актер, ол бейбітшілікті қолдайды. НАТО-ның мақсаты да сондай» деді ол.
Терроризмнен климаттың өзгеруіне, киберқауіптер мен ядролық қарудың таралуына дейін жаһандық сын-қатерлердің артып келе жатқанын айтқан Столтенберг «Жаһандық тәртіпке қауіп төніп тұр. Мәскеу мен Бейжің қарсыласудың алдыңғы қатарында тұр» деді.
Йенс Столтенберг Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарының да халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтып, Қытайдың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы ықпалының артуына алаңдаушылық білдірді.
Егер Ресей Украинаға қарсы соғыста жеңіске жетсе, «Мәскеу мен Бейжіңге берілетін хабар «қалағанды қатаң күшпен алуға болады» деген хабар болатынын айтқан Столтенберг «Еуропада бүгін болып жатқан нәрсе ертең Шығыс Азияда да болуы мүмкін» деді.
Йенс Столтенберг соғыстың тек Еуропадағы дағдарыс емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа сын екенін айтты. «Қытай мұқият бақылап отыр және болашақ шешімдеріне әсер етуі мүмкін сабақ алуда» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар

Ақ Үйде Наурыз тойланды
Ирактың көптеген қаласында көктемнің хабаршысы Наурыз түрлі іс-шаралармен тойлануда.

Түркия мен Ресейдің табиғи газ орталығы
Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде журналистердің сұратарына жауап берді.