Қытай батыс саясаткерлердің екіжүзділігін сынға тартты

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нинь «Мұсылмандардың сенімі мен діни сезімін құрметтеу керек» деді.

1941296
Қытай батыс саясаткерлердің екіжүзділігін сынға тартты

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нинь «Швецияда ұшқары оңшыл саясаткер Расмус Палуданның Құран Кәрімді өртеп жіберу және жырту әрекеттері кейбір батыстық саясаткерлердің сенім бостандығына қатысты екіжүзділігін көрсетті» деді.

Бейжіңде күнделікті баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Мао «Діни сенім бостандығын құрметтеуді халықаралық қауымдастық кеңінен қабылдады. Мұсылмандардың сенімі мен діни сезімін құрметтеу керек» деген сөздер қолданды.

Еуропадағы кейбір саясаткерлердің Құран Кәрімді өртеу әрекеттер туралы жаңалықтарды көргенін түсіндірген  Мао «Бұл оқиғалар дін бостандығын құрметтейміз дейтін кейбір батыстық саясаткерлердің екіжүзділігін көрсетеді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар