Израиль әскерлері елді мекендерді бомбалады
Израиль әскери ұшақтары Газа секторындағы кейбір түйіндерді зымыранмен нысанаға алды.
1940921

Палестинаның ресми ақпарат агенттігінің (Wafa) хабарлауынша, Израиль әскери ұшақтары Газа секторының орталық бөлігіндегі бір аймаққа үш зымыранмен шабуыл жасады. Шабуыл нысанасы болған аймақта өрт шығып, жақын маңдағы азаматтық елді мекендерде материалдық шығын болды.
Қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Шейх Аклин аймағына да екі зымыранмен жасалған екінші әуе шабуылында елді мекендер материалдық шығынға ұшырады.
Израиль әскери ұшақтары Газаның орталық және солтүстік бөліктеріндегі ауылшаруашылық алқаптарын және Бейт-Лахья қаласының солтүстігіндегі бір түйінді де бомбалады.