Израильге ескерту жасады
"Қару жөнелту дағдарысты тереңдете түседі" деді.

Ресей Израильге «Украинаға қару-жарақ жөнелтудің дағдарысты «тереңдете түсетінін» айтып, ескерту жасады.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова ел астанасы Мәскеуде өткізген баспасөз мәслихатында Украинаға қару-жарақ жөнелтіліміне қатысты елдерді географиялық принцип бойынша бөлмейтінін мәлімдеді. "(Украинаға) қару-жарақ жөнелтетін барлық елдер бұл қаруларды Ресей Қарулы Күштері үшін заңды нысана ретінде қарастыратынымызды түсінуі керек. Біздің ұстанымымыз белгілі. Қосымша немесе жаңа қару-жарақ қамтамасыз етуге деген кез-келген талпыныс даңдарыстың тереңдеуіне әкеліп соғатынын мойындау керек. Барлық ел бұны білуі керек» деді ол.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Американың «CNN» телеарнасына берген сұхбатында "Украинаға әскери көмек көрсетуді қарастырып жатқандарын" және "Иранның қару-жарақ өндірісіне қарсы әрекет ететіндерін" мәлімдеген еді.