Америка құрлығының ең үлкен түрмесі ашылды
Америка құрлығының ең үлкен түрмесі Сальвадорда ашылды.

Америка құрлығының ең үлкен түрмесі Орталық Америкадағы Сальвадорда ашылды.
Сальвадор президенті Наиб Букеле Теколука қаласындағы алқапта 166 гектар аумақта 40 мың 000 адам сыйымдылығы бар Америка құрлығындағы ең үлкен түрмені ашты.
Букеле Twitter парақшасында түрменің өз елінде қарақшылармен күресу үшін салынғанын және Америка құрлығындағы ең үлкен түрме екені айттты.
Букеле «Біз терроризмге қарсы орталықты аштық. Бұл бар болғаны 7 айда жасалды және оның қарақшыларға қарсы соғыста толық жеңіске жетуде үлкен пайдасы болады» деген сөздер қолданды.
Әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Осирис Луна да бұл орталықтың соңғы технологиялық қондырғылармен салынғанын және оны күні-түні 600 сарбаз, 250 полиция мен күзетші бақылайтынын түсіндірді.
Ұқсас жаңалықтар

Швеция парламенті НАТО-ға мүше болуға рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады
Солшылдар партиясы мен Жасылдар қоршаған орта партиясы НАТО мүшелігіне қарсы дауыс берді.