Украина батыстан 120-140 танк алады

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба батыстан шыққан 120-140 танк алатынын мәлімдеді.

1940492
Украина батыстан 120-140 танк алады

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба еліне әскери көмектің бірінші толқынында батыстан шыққан 120-140 танк алатынын мәлімдеді.

Дмитрий Кулеба қазіргі уақытта танк коалициясының құрамында 12 қатысушы бар екенін, бірақ бұл елдерді коалиция деп атауға әлі ерте екенін түсіндірді. Министр Кулеба кейбіреулерінің  өздерінің ішкі рәсімдеріне сәйкес ресми шешім қабылдауы керек екенін айтты.

Кулеба әскери көмектің бірінші толқынында Украинаның батыстан шыққан 120-140 заманауи танк алатынын білдірді.

Енді бір жағынан Украина президенттік кеңсесінің ақылшысы Михаил Подоляк Twitter-дегі жазбасында Ресейдің үздіксіз шабуылдары бұл елдің бейбітшілікке дайын емес екенін көрсетті деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар