Кристерссон исламға қарсы әрекеттер жайлы мәлімдеме жасады
Ульф Кристерссон Түркияға қарсы арандатушылықтарға және Құран Кәрімнің өртелуі жайлы мәлімдеме жасады.
Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон «Біз Түркияға және исламға қарсы әрекеттердің Швецияның әлемдегі беделі мен абыройына нұқсат жеткітінін және Швецияның қауіпсіздігіне үлкен қауіп төнетінін байқадық» деді.
Ульф Кристерссон саяси партиялардың басшыларымен өткізген кездесуден кейін елінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG жақтастары тарапынан ұйымдастырған Түркияға қарсы арандатушылықтарға, Құран Кәрімнің өртелуі және Швецияның НАТО-ға өтініш беру процесі туралы мәлімдеме жасады.
Соңғы бірнеше аптада астана Стокгольмде болған оқиғалардың Швецияның қауіпсіздігін қиындатқанын білдірген Кристерссон «Біз Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында президент (Режеп Тайып) Ердоғанға ұқсайтын ойыншық қуыршақтың аяғынан асылғанын және содан кейін Құранның өртенгенін көрдік. Швецияда соңғы бірнеше аптада заңды болғанына қарамастан, шағын топтар мен жеке адамдардың әрекеттері жалған ақпарат тарату науқанына айналды. Бұның кесірінен Швецияны исламофобиялық елге айналдырды» деген сөздер қолданды.
Кристерссон аталмыш әрекеттердің Швецияның қарсыластарына пайда әкелгенін айтып, бұл әрекеттерді жасағандарды «пайдақор ақымақ» деп сипаттады.
Ұқсас жаңалықтар

Израиль күштері босқын лагеріне шабуыл жасады
«WAFA» ақпарат агенттігі шабуылда 2 палестиналықтың жарақат алғанын жариялады.