Трамп сайлау науқанын бастады
Ол Байден саясаттарын сынға алды.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылғы президенттік сайлау науқанын бастап кетті.
2024 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға үміткер республикашыл саясаткер Дональд Трамп Республикалық партияның Нью-Хемпширде және Оңтүстік Каролина штатының астанасы Колумбияда өткен жыл сайынғы жиналысында алғашқы үгіт-насихат сөзін сөйледі.
Трамп 2024 жылғы сайлау үшін бұрынғыдан да «табанды және ашулы» екенін және ірі митингілер өткізетінін айтты. «Өйткені қазір бұрын-соңды көрмеген сайлаушы рухы бар» деді ол.
Трамп қазіргі президент Джо Байденнің шекара, экономикалық және әлеуметтік саясатын сынға алып, өзінің президенттік кезінде жүзеге асырған саясаттарынан мысал келтірді.
«2024 жылғы сайлау - елімізді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі» деген Трамп АҚШ-қа солшыл идеология, «терең мемлекет», ақпарат құралдары және Қытайға қарсы тұра алатын көшбасшы керек екенін алға тартты.
Дональд Трамп 2017-2021 жылдар аралығында президент қызметін атқарды және 16 қараша күні 2024 жылғы президенттік сайлауға кандидатурасын жариялады.
2024 жылғы сайлау үшін Джо Байден де өзінің кандидатурасын 7 ақпанда жариялайды деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар

Ауғанстанда мектепке гранатамен шабуыл жасалды
Шабуылда 2 оқушының қаза тапқаны, 4 оқушының жараланғаны атап көрсетілді.