Пәкістандағы жанкешті шабуылда 93 адам қайтыс болды
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы жанкешті шабуылда қаза тапқандар саны 93-ке жетті.

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында кеше түсте мешітке жанкешті шабуыл жасалды. Шабуылда қаза тапқандар саны 93-ке жетті.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаланың «Police Lines» ауданындағы мешітте кеше бесін намазы кезінде жанкешті шабуылдан кейін іздеу-құтқару жұмастары жалғасуда.
Жоғарғы лауазым иелері жанкешті шабуылда қаза тапқандар санының 93-ке жеткенін, 221-ге жуық жаралыны емдеудің жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Пешавардағы аурухананың баспасөз хатшысы Мохаммад Асим бүгін қаза тапқандардың көпшілігінің шабуылда ауыр жараланған полиция қызметкерлері екенін мәлімдеді.
«TTP» 28 қарашада әлеуметтік желіде Исламабад әкімшілігімен 10 мамырда басталған атысты тоқтату келісімінің аяқталғанын және мүшелерге елдің түкпір-түкпіріндегі қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасауға бұйрық бергенін жариялаған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Ауғанстанда мектепке гранатамен шабуыл жасалды
Шабуылда 2 оқушының қаза тапқаны, 4 оқушының жараланғаны атап көрсетілді.