Қасиетті кітапты өртеуге рұқсат бермейді

Финляндия қасиетті кітаптарды өртеуді «жазасы бар қылмыс» ретінде қарастырады.

1940152
Қасиетті кітапты өртеуге рұқсат бермейді

Финляндия полициясы Құран сияқты қасиетті кітаптарды қоғамдық орындарда өртеуге рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

Елдегі «STT» ақпарат агенттігіне негізделген фин баспасөзінің хабарына қарағанда, Финляндия Ұлттық полиция басқармасы қасиетті кітаптарды өртеуді «жазасы бар қылмыс» ретінде қарастырады.

Тиісінше қасиетті кітаптарды қорлау да дәл осылай қарастырылады.

Мәлімдемеде пікірлері берілген Финляндия полициясының қызметкері Веса Пихаджоки «Егер Қасиетті Құранды өртеу жоспарланған болса, полиция шеру ұйымдастырушысына рұқсат етілмейтінін алдын ала хабар берер еді. Әрекет демонстрация кезінде немесе полицияның назарын аударатын кез келген басқа жағдайда орын алса, полиция араласады» деді.

Хабарда фин заңының басқа Скандинавия елдерінің заңдарынан айырмашылығы «діни бейбітшілікті» қорғайтыны және оны бұзушылықтың жазаландырылатыны айтылды.

21 қаңтарда Швецияның астанасы Стокгольмде Данияның әсіре оңшыл «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі Расмус Палудан Швециядағы Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді және Палуданға ешкімнің жақындауына рұқсат етілмеді.

Палудан 27 қаңтарда да Данияда мешіттің алдында және Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген еді.



Ұқсас жаңалықтар