Гутерриш лаңкестік әрекетті айыптады

«Шабуылдың ғибадат орнында болуы өте жиіркенішті” деді ол.

1939855
Гутерриш лаңкестік әрекетті айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш кеше Пәкістандағы мешітке жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик жариялаған жазбаша мәлімдемеде «Шабуылдың ғибадат орнында болуы өте жиіркенішті” деп айтылды.

«Дін немесе сенім бостандығының, соның ішінде бейбітшілік пен қауіпсіздікте ғибадат етудің жалпы адам құқығы екенін» баса айтқан Гутерриш шабуылды айыптап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Пәкістанның Пешавар қаласында кеше бесін намазы кезінде мешітке жасалған жанкешті шабуылда полиция қызметкерлерімен бірге 59 адам қаза тауып, 157 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар