АҚШ пен Оңтүстік Кореяның одақтастығы күшті

Остин «АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірге болғанда бәріміз қауіпсіз боламыз» деді.

1939894
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның одақтастығы күшті

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Ллойд Остин өз елінің Оңтүстік Кореямен бірлескен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уәдесінің берік екенін атап өтті.

Күні кеше Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулге екі күндік сапармен барған Остин Оңтүстік Кореяның Йонхап ақпарат агенттігі арқылы «Одақтастығымыз күшті» атты мақаласын жариялады.

Остин өз мақаласында Америка Құрама Штаттарының мықты күштерімен, ядролық және зымырандық қорғаныс қабілетімен және Оңтүстік Кореядағы 28 мың 000 әскери қызметкерімен бірлескен қорғаныс уәдесіне берік болғанын  мәлімдеді.

Остин «Біздің жауларымыз бен бәсекелестеріміз егер бірімізге қауіп төндірсе, онда жалпы АҚШ-Оңтүстік Корея одақтастығына қауіп болып саналады» деген сөздер қолданды.

Вашингтон, Сеул және Токио арасындағы үш жақты қауіпсіздік ынтымақтастығының маңыздылығына назар аударған Остин «АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірге болғанда бәріміз қауіпсіз боламыз» деді.

АҚШ министрі Остиннің бүгін оңтүстік кореялық әріптесі Ли Джон Суппен және басқа да жоғарғы лауазым иелерімен кездесуі күтілуде.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар