Польшаға келген украин азаматтары саны артты

Бір күнде Польшаға 22 мың 700 адам кірген.

1939656
Польшаға келген украин азаматтары саны артты

Украинадан Польшаға келген босқындар саны бүгінде 9,5 миллионнан асты.

Польша шекара қызметінің «Twitter» парақшасында жарияланған жазбада 24 ақпанда Ресеймен соғыс басталғаннан бері Украинадан қарқынды мигрант көші болғаны еске салынды.

Хабарламада Украинадан елге кеше  22 мың 700 адам кіргені айтылады.

«Соғыс басталғалы бері Украинадан Польшаға өткендердің саны 9 миллион 510 мыңға жетті» деп айтылды.

Хабарламада сонымен бірге Польшадан кеткен украиндар саны 7 миллион 660 мың деп айтылған.



Ұқсас жаңалықтар