Құранды өртеу әрекетіне қарсы шеру ұйымдастырылды

Нью-Йорк қаласында мұсылмандар Расмус Палуданның Құранды өртеп жібергеніне наразылық білдірді.

1939328
Құранды өртеу әрекетіне қарсы шеру ұйымдастырылды
new york kuran-i kerim yakilmasi protestosu1.jpg
new york kuran-i kerim yakilmasi protestosu.jpg

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Швеция Бас консулдығының алдына жиналған мұсылмандар Швециядағы Стокгольм елшілігінің алдында  радикал оңшыл саясаткер Расмус Палуданның Құранды өртеп жібергеніне наразылық білдірді.

Әскери әнұранның сүйемелдеуімен Манхэттендегі Швеция өкілдігіне шеруге шыққан түрік азаматтары да бар америкалық мұсылмандар Бас консулдық ғимаратының алдына Құран Кәрім жазылған қара гүл шоқтарын қалдырды.

Өкілдіктің алдында намаз оқып, тәкбір айтқан жамағат «Біз барлық қасиетті кітаптарды құрметтейміз», «Азаматтық құқықтар әрқашан өркениетті бола бермейді», «Жөккөрініштік өшпенділік тудырады», «Құран мен Інжілді өртемеңіз, оларды оқыңыз» баннерлер  көтерді.

Түрік азаматтарының атынан ағылшын тілінде мәлімдеме жасаған Түрік-Америка басқару комитетінің тең төрағасы Мелих Бекташ «Қайда барсаң сөз бастандығы сылтауымен оңай жолды таңдаған адамдарды көресің» деген сөздер қолданды.

Бекташ дүниежүзінде  көпшілігінің жақсы адамдардан тұратынын атап өтті.

Басқа мұсылман елдерінің азаматтары да Құранға деген құрметсіздікке өз наразылықтарын білдірсе, түрік азаматтары Швеция үкіметінің Исламның қасиетті кітабына жасалған шабуыл үшін үнсіздігі мен орынсыз сылтауларына наразылық көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар