Көліктен ата-анасыз балалар табылды
Көліктегі босқындар арасында ата-анасыз 57 бала болған, олардың көпшілігі – ер бала.
Гватемаладан Мексикаға кірген бір жүк көлігінен ата-анасыз 50-ден астам кәмелетке толмаған бала табылды.
Мексика ұлттық көші-қон институты (INM) жасаған мәлімдемеде Мексика органдарының Гватемаладан келген 70-ке жуық босқын, көбісі қасында ата-анасыз жоқ балаларды тасыған жүк көлігін тоқтатқаны білдірілді.
Жүк көлігі Мексиканың Америка Құрама Штаттарымен шекарасындағы солтүстік Чиуауа штатындағы бақылау-өткізу пунктінде байқалған. Көліктегі босқындар арасында ата-анасыз 57 бала болған, олардың көпшілігі – ер бала.
Жүк көлігінің жүргізушісі Мексиканың Бас прокуратурасына жіберілді, қасында ата-анасы жоқ кәмелетке толмаған балалар мемлекеттік органдарға тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар

Грекияда 21 мамырда жалпы сайлау өтеді
Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис жалпы сайлаудың 21 мамырда өтетінін хабарлады.

Кения мен Сомалиде су тасқындарынан 21 адам қаза тапты
Кения мен Сомалиде нөсер жауын салдарынан су тасқындары орын алды.