Израиль ұшақтары Газаға шабуыл жасауда
Израиль ұшақтары таңертең Газаның орталық бөлігіндегі палестиналық қарулы топтарға тиесілі әскери аймаққа шабуыл жасады.

Израиль ұшақтары таңертең Газаның орталық бөлігіндегі палестиналық қарулы топтарға тиесілі әскери аймаққа бірінен соң бірі шабуыл жасады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі шабуылда қаза тапқандар мен жарақат алғандардың бар-жоғы туралы түсініктеме бермеді.
Шабуыл айналадағы үйлерге зақым келтірді.
Палестиналық қарсыласу Хамас қозғалысының қарулы қанаты Изз ад-Дин әл-Кассам бригадалары әуе қорғаныс күштерінің Газа секторы үстінде Израиль ұшақтарына құрлық және әуеден зымыран және зениттік зымырандарымен жауап бергенін мәлімдеді.
Израиль армиясы да Газадан шекараға жақын еврей елді мекендеріне қарай 2 зымыран атылғанын және олардың әуе қорғаныс жүйесі арқылы алдын алғанын хабарлады.
Израиль күштерінің Батыс Шерияның солтүстігіндегі Дженин босқындар лагеріне кеше таңертең жасаған шабуылында 9 палестиналық қаза тапқан еді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия мен Ресейдің табиғи газ орталығы
Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде журналистердің сұратарына жауап берді.