Ресей Украинаның кейбір жерлерін бомбалады

Бахмут қаласында қиян-кескі шайқастар жалғасып жатыр.

1938269
Ресей Украинаның кейбір жерлерін бомбалады

Ресей Украинаның бір бөлігін бомбалады.

Украина Әскери-әуе күштерінің баспасөз хатшысы Юрий Игнат ресейлік әскери ұшақтардың 30-дан астам зымыран лақтырғанын хабарлады.

Игнат Ресейдің Мурманск облысынан 6-ға жуық «Ту-95» соғыс ұшағы ұшып, Украина жеріне зымыран атқанын атап өтті.

Киев мэрі Виталий Кличко «Telegram» желісіндегі мәлімдемесінде елордада жарылыс дыбыстары естілгенін айтты.

Украина президент аппаратының басшысы Андрей Ермак әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде ресейліктердің алғашқы зымырандары әуеде атылғанын айтты.

Басқа жақтан Ресеймен 24 ақпанда басталған соғыста ең ауыр қақтығыстар орын алған Украинаның Бахмут қаласында қалған бейбіт тұрғындар эвакуациялануда.

Донецк облысындағы Бахмут қаласы қиян-кескі қақтығыстардан қирап жатса, мұнда қалған бейбіт тұрғындар оқ астында аман қалу үшін арпалысуда.

Бахмут қаласын орыс әскерлері қоршауға тырысып жатыр, Бахмутқа апаратын жолдар да  бомбалануда.



Ұқсас жаңалықтар