Олаф Шольц Зеленскиймен телефонда сөйлесті

Екі лидер пайдалы кеңестерді жалғастыруға және тығыз байланыста болуға келісті.

1937914
Олаф Шольц Зеленскиймен телефонда сөйлесті

Германия премьер-министрі Олаф Шольцтің Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Штеффен Хебестрейттің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда кездесуде Украинадағы саяси, әскери және гуманитарлық жағдай талқыланғаны білдірілді.

Шольц Ресейдің 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарына қарсы Украинамен ынтымақтастығын қуаттап, Германияның еуропалық және халықаралық серіктестермен тығыз үйлестіру арқылы Украинаға әскери қолдауын одан әрі арттыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Зеленский Шольцке Украина Қарулы Күштеріне "Leopard 2" танктерін бөлу туралы шешімі және серіктес елдерге бұл танктерді Украинаға өз қорларымен жеткізуге рұқсат бергені үшін алғыс айтты.

Екі лидер пайдалы кеңестерді жалғастыруға және тығыз байланыста болуға келісті.



Ұқсас жаңалықтар