Иран еуропалық кісі мен ұйымдарға санкция салды

Иран санкциялардың ЕО мен Ұлыбританиядағы жеке тұлғалар мен ұйымдарды қамтитынын жариялады.

1937919
Иран еуропалық кісі мен ұйымдарға санкция салды

Еуропа Одағы (ЕО) мен Ұлыбританияның санкцияларына жауап ретінде Иран еуропалық 30 адам мен 4 ұйымға қарсы санкция салу туралы шешім қабылдады.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде санкция шешімінің тиісті органдардың мақұлдаулары аясында Еуроодақ пен Ұлыбританияның санкцияларына қарсы сақтық шарасы ретінде қабылданғаны атап көрсетілді.

Санкциялардың «Иран халқына қарсы тыныштықты бұзу, зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттерді қоздыратын, арандатушылық жасайтын, Иранның ішкі істеріне араласатын, Иран туралы жалған және қате ақпарат тарататын» ЕО мен Ұлыбританиядағы жеке тұлғалар мен ұйымдарды қамтитыны жарияланды.

Осы аяда Еуропа Парламентіндегі «Израильдің еуропалық достары» деп аталатын топқа, Парижде орналасқан «Radio j», Германияның «Herberger Bau» құрылыс компаниясына және Ұлыбританияның «Генри Джексон қоғамы» қатарлы Еуропалық Одақ пен Ұлыбританиядағы 4 ұйымға қарсы санкциялар жасауға шешім қабылданғаны білдірілді.

Францияның Қала және тұрғын үй істері министрі Оливье Клейн, Париж Қала әкімі Анн Идальго, Ұлыбританияның Бас прокуроры Виктория Прентис, Ұлыбритания аппаратының басшысы Патрик Сандерс, Еуропарламент мүшелері және Түркияның Швециядағы елшілігінің алдында Құран Кәрімді өртеген даниялық әсіре оңшылдар Расмус Палуданды қосқанда 30 адамның санкция тізіміне енгізілгені хабарланды.

Мәлімдемеде санкциялар визаға тыйым салуды, Ирандағы мүлік пен қаржылық активтерді тәркілеуді және банк шоттарын бұғаттауды қамтиды» деп хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар