Жапонияда бір жүк кемесі суға батып кетті

Жапонияның Нагасаки провинциясының  жағалауында 22 экипажы бар жүк кемесі суға батып кетті.

1937497
Жапонияда бір жүк кемесі суға батып кетті

Ресми «Kyodo» агенттігінің хабарлауынша, Гонконг туы ілінген 6551 тонналық «Цзинтан» жүк кемесі Нагасаки жағалауында суға батып кеткен.

Данжо аралдарының батысына қарай 110 шақырым жерде суға батқан кемедегі 22 экипаж мүшесінің 4-інің құтқарылғаны атап өтілді.

Экипаждың 14-і Қытай, 8-і Мьянма азаматы екені хабарланды.

Жапония жағалау күзеті аймақтағы құтқару жұмыстарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар