Швеция арандатушыларды айыптап отыр

Премьер-министр министрлермен бірге баспасөз мәслихатын өткізді.

1937466
Швеция арандатушыларды айыптап отыр

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон арандатушылар Швецияның НАТО-ға кіруіне кедергі жасамақ болғанын айтты.

Ульф Кристерссон ел астанасы Стокгольмде Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем және Қорғаныс министрі Пал Джонсонмен бірге ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Кристерссон Швецияның Екінші дүниежүзілік соғыстан (1939-1945) кейінгі ең күрделі қауіпсіздік проблемасын бастан өткеріп жатқанын айтты. "Кейбіреулер Швецияның НАТО-ға кіруінің қаншалықты маңызды екенін түсінбейді. Арандатушылар Швецияның кіруіне жол бермеуге тырысуда. Біз Түркиямен арадағы диалогқа қайта оралғымыз келеді. Түркия өз шешімдерін қабылдайды, біз оны құрметтеуіміз керек» деді ол.

Сыртқы істер министрі Биллстрем болса сенбі күні Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Данияның әсіре оңшыл «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі Расмус Палуданның Құранды өртеуіне тоқталып "Кітаптарды өртеп жіберудің өте қараңғы тарихы бар. Түркияда, Ауғанстан мен Пәкістан сияқты наразылық акциялары өтіп жатқан басқа елдерде де қатал наразылықтар бар. Әлеуметтік желілерде швед тауарларына бойкот жариялау туралы айтылып жатыр. Үкімет жағдайды мұқият бақылап отыр» деді.

Швеция Қорғаныс министрі Джонсон да Швецияның НАТО-ға мүше болу талпыныстарының жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар