С. Кореяда коменданттық сағат

Тыныс алу жолдарына байланысты жаңа ауруға орай коменданттық сағат жарияланды.

1937606
С. Кореяда коменданттық сағат

Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньянда анықталмаған тыныс алу жолдары ауруына байланысты 5 күндік коменданттық сағат жарияланды.

«Yonhap» агенттігінің «NK News-ке» негізделген хабарына қарағанда, билік елордада ауру санының артуына жол бермеу үшін коменданттық сағат енгізілгенін хабарлады.

Әзірге аурудың түрін анықтау мүмкін еместігі айтылғанымен, елорда тұрғындарынан күніне бірнеше рет дене қызуын өлшеп тұруды сұрады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пхеньян тұрғындары 5 күндік коменданттық сағат ұзартылуы мүмкін деп азық-түлік қорын жинаған.

Солтүстік Кореяда коронавирустың жаңа түрі бірінші рет мамыр айында тіркелді, ал тамыз айында індетке қарсы жеңіс жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар