Құран өртеуге байланысты АҚШ-тың пікірі

Оқиғаның құрметсіздік және жиіркенішті екенін мәлімдеді.

1936995
Құран өртеуге байланысты АҚШ-тың пікірі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құранның өртелуін айыптамады, бірақ оқиғаның құрметсіздік және жиіркенішті екенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Нед Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында сұрақтарға жауап бере отырып, Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құран Кәрімды өртеу оқиғасына да тоқталды.

Нед Прайс "Демократияның қажеттіліктері ретінде біз ұйымдасу және жиналу құқығын қолдаймыз. Дегенмен Швеция премьер-министрі (Ульф Кристерссон) айтқандай, көптеген адам үшін қасиетті саналатын кітапты өртеу құрметсіздік болып табылады" деді.

Заңды нәрсенің бәрі орынды дегенді білдірмейтінін айтқан Прайс 2010 жылы Флоридада бір діни қызметкердің Құран Кәрімді өртеуді жоспарлағанын еске салып, «Кейбір нәрселер заңды, бірақ ұсқынсыз болуы мүмкін” деді.

«Сонымен бірге біз Швецияда болған оқиғаның Атлант мұхитының арғы жағындағы еуропалық одақтастарымыз арасындағы бірлікті әлсірету үшін қаскөйлікпен жасалған болуы мүмкін екенін де байқап отырмыз»  деді баспасөз хатшысы.

Баспасөз хатшысы бұл әрекеттің Швеция үкіметінің әрекеті емес, Түркия мен Швеция арасын ашу мақсатында арам пиғылды арандатушының әрекеті екенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар