"Таллин міндеттемесіне" қол қойды

11 елдің қорғаныс өкілдері бас қосты.

1935588
"Таллин міндеттемесіне" қол қойды

Эстония, Польша, Литва, Латвия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Чехия, Словакия, Нидерланды және Испанияның қорғаныс өкілдері «Таллин міндеттемесіне» қол қою арқылы Украинаны қолдайтындарын жариялады.

Эстониядағы «Тапа» әскери базасында бас қосқан өкілдер Украинаның 24 ақпаннан бері Ресейге қарсы жүргізіп келе жатқан күресін «ерлік» деп бағалады.

Эстония Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде "Біз Ресейдің соғыс қылмысы деп саналатын шабуылдарын, соның ішінде бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымға қасақана шабуылдарын айыптаймыз.  Ресейдің Украинаның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын бұзуына қарсымыз» деп айтылды.

Мәлімдемеде Украинаға әскери қолдау көрсету керектігі айтылып, былай делінді: «Біз Украина қорғанысына бұрын-соңды болмаған қайырымдылық көмектерін, соның ішінде танктер, ауыр артиллерияны, әуе шабуылына қарсы қорғанысты, оқ-дәрілерді және жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналарын жеткізуді бірлесіп жалғастыруға міндеттенеміз. Осы «Таллин міндеттемесін» жариялағаннан кейін біз 20 қаңтарда Рамштайндағы Украина қорғаныс тобының отырысына барамыз. Осында басқа одақтастарды да осылай қадам басуға және Украинаның жеңісін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше тезірек қолдау көрсетуге шақырамыз»



Ұқсас жаңалықтар