Германия Украинаға "Леопард" танктерін бере ме?

Олаф Шольц Байденмен сөйлесті.

1934939
Германия Украинаға "Леопард" танктерін бере ме?

Германия канцлері Олаф Шольц Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Украинаға  «Абрамс» типті жауынгерлік танктерді жеткізса, елінің де «Леопард» танктерін жолдайтынын білдірді.

«Süddeutsche Zeitung» газетінің хабарында «Олаф Шольц сейсенбі күні АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ Украинаға «Абрамс» типті жауынгерлік танктерді жеткізген жағдайда ғана бұл елге «Loepard» танктерін жеткізе алатынын айтты» делінген.

Хабарда Шольц бұл шартты айтқанымен, Байденнің ешқандай міндеттеме алмағаны баса айтылды.

«Krauss-Maffei Wegmann» компаниясы осы уақытқа дейін 3600-ге жуық «Леопард-2» жауынгерлік танкін жасап, көптеген елдерге жеткізген. Неміс армиясында 300-ге жуық «Леопард» танкі бар екені айтылған.

Бір ел өзінің инвентарындағы «Леопард» танкін басқа елге экспорттауы үшін Германияның рұқсаты қажет.

Шамамен 2 апта бұрын Германия Украинаға 40 «Мардер» броньды жауынгерлік машинасын беретінін мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар