Сомалиде қақтығыс

Бес әскер шейіт болды.

1934080
Сомалиде қақтығыс

Террор ұйымы Әл-Шабабтың Сомалидің Орталық Шабел аймағындағы әскери базаға жасаған шабуылында кемінде 5 әскер шейіт болды.

Сомали армиясы қолбасшыларының бірі генерал Одова Юсуф Радж таңертең ерте уақытта әл-Шабаб мүшелерінің бомба тиелген 3 көлікпен әскери базаға шабуыл жасағанын, содан кейін қатты қақтығыс болғанын хабарлады.

Радж қақтығыста кемінде 5 сарбаздың, оның ішінде полковник Абшир Шатакейдің шейіт болғанын және кемінде 21 Әл-Шабаб мүшесінің қаза тапқанын білдірді.

Шабуылдың жауапкершілігін «Әл-Шабаб» лаңкестік ұйымы алды.



Ұқсас жаңалықтар