Вьетнам басшысы қызметтен кетті
Партия отставкасын қабылдады.
1933936
Вьетнам мемлекет басшысы Нгуен Суан Фук қызметінен кетті.
«VnExpress» жаңалықтарына сәйкес, Вьетнам Коммунистік партиясы Фуктың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдап, президенттік өкілеттігін, 2021-2026 жылдардағы Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын, саяси бюро мен партия комитетінің мүшелігін тоқтатты.
Партия жасаған мәлімдемеде Фуктың қызметінен кетуге және зейнетке шығуға шешім қабылдағаны және партияның ережелер мен заңдарды ескере отырып, отставканы қабылдағаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжан елшілігіне жасалған лаңкестік әрекеттің қылмыскеріне өлім жазасы үкімі шықты
Бұл туралы Сот билігінің баспасөз хатшысы Асгар Джихангир мәлімдеді.