Жапония Қытайға наразылық білдірді

Жапония үкіметі Қытайдың жапон азаматтарына виза беруді уақытша тоқтату шешіміне наразылық білдірді.

1931865
Жапония Қытайға наразылық білдірді

Жапония үкіметі Қытайдың жапон азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуына наразылық білдірді және бұл шешімді өзгертуге шақырды.

Қытай үкіметі аптаның соңында елдің шекарасын ашып, жаңа типтегі коронавирус Ковид-19 карантиндік шараларын алып тастағаннан кейін, Жапония үкіметі Қытай азаматтарына вирус сынамасын жасау шарасын енгізді.

Осыған жауап ретінде Пекин әкімшілігі Қытай азаматтары үшін сынама жасау талабын алға тартып, жапон азаматтарына виза беру рәсімдерін уақытша тоқтатты.

Жапония Министрлер кабинетінің бас хатшысы Мацуно Хироказу Қытайдың «Ковид-19 шараларынан тыс себептерге байланысты» виза беруді тоқтату туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Бір жақты және өте өкінішті» деп сипаттаған визаны тоқтату шешіміне наразылық білдіргендерін атап көрсеткен Мацуно Қытайды аталған шешімнен қайтуға шақырды.

Токио үкіметінің Қытай азаматтарын сынақтан өткізу міндетінің орынды екенін айтқан Мацуно бұл шара вирус тасымалдаушылардың Жапонияға кенеттен ағылуын тосуға бағытталғанын білдірді.

Қытай Ковид-19 індеті басталғаннан кейін жүзеге асырған шекаралық бақылау шараларын алып тастап, 8 қаңтарда әлемге есігін қайта ашты.



Ұқсас жаңалықтар