Иран Швеция елшісін министрлікке шақырды

Еуропалық Кеңестің кезекті төрағасы Швецияның Ирандағы елшісі Маттиас Ленц министрлікке шақырылды.

1931989
Иран Швеция елшісін министрлікке шақырды

Иран кейбір еуропалық елдердің «Арандатушы мәлімдемелеріне» жауап ретінде Еуропа Одағы  Кеңесінің кезекті төрағасы Швецияның Ирандағы өкілетті елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Еуропалық Кеңестің кезекті төрағасы Швецияның Ирандағы елшісі Маттиас Ленцтің министрлікке шақырылғаны және Еуропадағы кейбір елдердің лауазымдыларының «Иранның ішкі істеріне араласуын» айыптағаны атап көрсетілді. 

Мәлімдемеде кейбір Еуропа елдерінің басқа елдерде «зорлық-зомбылық пен өшпенділіктің таралуында» рөлі бар екені білдірілді.

Мәілмдемеде:

"Елдердің ішкі істеріне араласу барлық халықаралық қағидалар мен ережелерге қайшы және Иран олардың ішкі істеріне араласуға әсте жол бермейді» деп көрсетілді. 

Мәлімдемеде министрлікке шақырылған Лентцтен Иранның наразылық нотасын еуропалық тараптарға жеткізуі сұралғаны және Швеция елшісінің Теһранның наразылығын Брюссельге жеткізетінін атқаны білдірілді.

Еуропа елдері Иранда полицияның бақылауындағы бір жас әйелдің өлімінен кейін басталған шерулерде қауіпсіздік күштерінің ереуілшілерге араласуын сынап, шерулерге байланысты сот процестерінде берілген өлім жазасына кесілген үкімдердің тоқтатылуын сұраған болатын.

Сонымен бірге Германия мен Франция сияқты Еуроодақ елдерінің билігі Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясын «террористік ұйымдар» тізіміне енгізуді қарастырып жатқаны туралы мәлімдемелер де жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар