Англия және АҚШ-та ереуіл

Мемлекеттік қызметкерлер жалақыларын көбейтіп, еңбек жағдайларын жақсартуды талап етеді.

1931836
Англия және АҚШ-та ереуіл

Англияда күн сайын әртүрлі сектор қызметкерлерінің ереуілі  болып тұр.

Елде энергия бағасының өсуі мен инфляцияның көтерілуіне байланысты ереуіл толқыны жүріп жатыр.

Теміржолшылар мен автобус жүргізушілері тағы да жұмыстарын тастап кетті. 1 ақпанда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер де  ереуілге шығатын болды.

Мемлекеттік қызметкерлер жалақыларын көбейтіп, еңбек жағдайларын жақсартуды талап етеді.

Сондай-ақ АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында медбикелердің ереуілі өтіп жатыр.

Екі ірі денсаулық сақтау мекемесінде жұмыс істейтін 7,000-нан астам медбике мен медицина қызметкері алдыңғы күні жұмысын тастады.

Ереуілдің үшінші күнінде наразылық шеруі өтті. Денсаулық сақтау қызметкерлері ауруханалардағы кадр тапшылығы проблемасын шешуді және жалақыны көтеруді талап етуде.



Ұқсас жаңалықтар