Польшаға келген украин саны 9 миллионнан асты

Елге кеше ғана  Украинадан 29 мың 900 адам келіп кірген.

1931144
Польшаға келген украин саны 9 миллионнан асты

10 қаңтардағы мәлімет бойынша, Польшаға Украинадан барған босқындар саны 9 миллионнан асты.

Польша шекара қызметінің «Twitter» парақшасында жарияланған жазбада 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украина-Ресей соғысы басталғаннан бері қарқынды көші-қон болғаны еске салынды. Елге кеше ғана  Украинадан 29 мың 900 адам келіп кірген.

«Соғыс басталғалы бері Украинадан Польшаға өткендердің саны 9 миллион 74 мыңға жетті» деп жарияланды.

Осы жазбаға қарағанда, Польшадан кеткен украиндардың жалпы саны 7 миллион 250 мың болды.


Этикеттер: #соғыс , #Польша , #Украина

Ұқсас жаңалықтар