Сенегалдағы жол-көлік апатында 38 адам мерт болды

Сенегалдың оңтүстік-батысында болған жол-көлік апатында  38 адам қаза тауып, 78 адам жарақат алды.

1929649
Сенегалдағы жол-көлік апатында 38 адам мерт болды

Өрт сөндіру басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, ел астанасы Дакардан 250 шақырым жердегі Каффрин қаласына жақын жерде 2 автобус соқтығысқан.

Алғашқы анықтаулар бойынша Сенегалдың оңтүстік-батысында болған жол-көлік апатында  38 адам қаза тауып, 78 адам жарақат алды.

Президент Макки Салл Twitter-дегі жазбасында қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Салл апатта қаза тапқандар үшін бүгіннен бастап 3 күндік ұлттық аза тұту жарияланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар