Бельгияда тұмау эпидемиясы

Бельгиядан бұрын Германия мен Словакияда тұмау эпидемиясы бар екені ресми  түрде жарияланған болатын.

1928238
Бельгияда  тұмау эпидемиясы

Бельгияда ресми түрде тұмау эпидемиясы жарияланды.

Бельгияның Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институты (Sciensano) тұмау жағдайларының тез өсіп келе жатқанын мәлімдеді, бұл дәрігер қабылдауларында және ауруханаға жатқызуларда, сондай-ақ зертханалық анализдерде байқалады.

Институттың мәлімдемесінде тұмау (инфлюэнца) және бронхит вирустарынан бөлек, коронавирус пен тыныс алу жолдары ауруларын тудыратын басқа да вирустардың халық арасында жиі кездесетіні айтылды.

«Sciensano» қызметкері Стивен Ван Гухт «Біз ауруханаларымызда тұмау жағдайларын, сондай-ақ коронавирустың (Ковид-19) жаңа түрлерін көре бастадық. Ауруханаға жатқызылған тұмау науқастары Ковид-19 пациенттерінің санынан асып түсуі әбден мүмкін» деді.

Ван Гухт азаматтарға қолдарын мұқият жууға, адамдар көп жиналатын жерлерде маска киюге, ауырған кезде үйде болуға, жабық мекендерді желдетуге және мүмкіндігінше тұмауға қарсы екпе алуға кеңес берді.

Бельгиядан бұрын Германия мен Словакияда тұмау эпидемиясы бар екені ресми  түрде жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар