Әл-Ақша мешітіне жасалған шабуылға наразылық жалғасуда

Питер Стано «Киелі орындардың мәртебесін сақтаудың маңыздылығын еске саламыз» деді.

1928019
Әл-Ақша мешітіне жасалған шабуылға наразылық жалғасуда

Еуропа Одағы (ЕО) Израильдің ұшқары оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына алаңдаушылық білдірді.

ЕО комиссиясының баспасөз өкілдерінің бірі Питер Стано Бен-Гвирдің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылы туралы сұраққа жауап берді.

Питер Стано «Киелі орындардың мәртебесін сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Біз бұған қайшы әрекеттерге алаңдаймыз» деді.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі де Бен-Гвирдің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын қатаң түрде айыптап, оны «арандатушылық» деп сипаттады.

Тунис Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде «Тунис Палестиналық бауырларымызды және әлемдегі барша мұсылмандарды ашық түрде арандатқан және халықаралық заңдылық шешімдерін елемеген Израиль басқыншы үкіметінің иелерінің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын қатаң айыптайды» деді.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай кеше Бен-Гвирдің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылынан кейін бейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап еткен еді.



Ұқсас жаңалықтар