Израильдік саясаткер Әл-Ақса мешітіне басып кірді

Израиль ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Әл-Ақса мешітіне басып  кірді.

1927139
Израильдік саясаткер Әл-Ақса мешітіне басып кірді

Израильдің ұшқары оңшыл ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир басып алынған Шығыс Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.

Бен-Гвир Израиль полициясының қорғауымен таңертең Әл-Ақса мешітіне басып  кірді.

Арандатушылық әрекеттерімен танымал болған ұшқары оңшыл Бен-Гвир 5 жылдан кейін Әл-Ақса мешітіне кірген алғашқы Израиль министрі болды.

Израильдік саясаткер  Әл-Ақса мешіті мәртебісіне зиян тигізген   және палестиналықтар тарапынан шабуыл деп қаралған бұл әрекет иврит күнтізбесі бойынша «Тевет» (Асара БеТевет) айының 10-шы күні жасалды.

Бен-Гвир жаңадан құрылған үкіметте министр болмай тұрып, парламент мүшесі кезінде де  Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасау және  палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерімен аты шулы болған.

Палестина билігі бұл оқиғаның Әл-Ақса мешітінің тарихи мәртебесінің бұзылуы тақырыбында апарып соғатылы жайлы ескерту жасады.

 



Ұқсас жаңалықтар