Киевте 2022 жылдың соңғы күні жарылыс дауысы естілді

Ресей күштерінің әуе шабуылында 1 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.

1926180
Киевте 2022 жылдың соңғы күні жарылыс дауысы естілді
ukrayna esir.jpg
kiev.jpg

Украинаның бас қаласы Киевте 2022 жылдың соңғы күні жарылыс дауысы естілді.

Ресей күштерінің әуе шабуылында 1 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды, шабуылдарда бір қонақүйге зиян келді.

Түн ортасынан кейін көп ұзамай қалада жарылыс болды.

Қала мэрі Виталий Кличко «Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жұмыс істейді» деді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Киевке жасаған шабуылына наразылық көрсетті.

Зеленский ең ауыр қақтығыстардың Донбасста болып жатқанын еске салды.

Ресейдің шабуылдары Украинаның басқа қалаларында да жалғасуда. Гимельницкий қаласындағы шабуылдардан 4 адам зардап шекті.

Ресей президенті Владимир Путин 9 минуттық жаңа жылдық жолдауында батыстық елдердің Ресейді жою үшін Украинаны пайдаланып жатқанын алға тартып, бұл жағдайды «күлкілі» деп сипаттады.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу болса жаңа жыл құттықтауында Ресей армиясына «Біздің жеңісіміз жаңа жылдың келуі сияқты сөзсіз» деп үн қатты.

Ресей мен Украина арасында тұтқындарды алмасу процесі де жалғасуда. Тұтқындарды айырбастау аясында 82 ресейлік және 140 украин әскері босатылды.



Ұқсас жаңалықтар