Украина S-300 зымыраны Беларусьта құлады
Зымыранның құлауына байланысты Беларусь президенті Александр Лукашенкоға дереу хабар берілгені білдірілді.

Украинаға қарасты S-300 зымыраны Беларусь аумағында құлады.
Беларусь Мемлекеттік "БЕЛТА" ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда Украина армиясына тиесілі S-300 жүйесіне жататын зымыран бөліктері жергілікті уақыт бойынша 29 желтоқсан күні түс мөлшерінде Беларусь жеріне құлағаны хабарланды.
Бұл мәселе туралы Беларусь президенті Александр Лукашенкоға дереу хабар берілген. Беларусь Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Тергеу комитетінің сарапшыларынан ұйымдасқан топ оқиға орнында жұмыс істей бастады.
Жан шығыны болмаған оқиғаға қатысты қолда бар мәліметтерге қарағанда зымыранның белгіленген нысанадан шығып кеткені немесе атылған зымыранның Беларусь әуе қорғанысы жүйелері тарапынан құлатылған болуы мүмкін екендігі білдірілді.
Зымыран құлаған жердің қайсы аймақта екені туралы мәлімет берілмеді.
Ұқсас жаңалықтар

Ауғанстанда мектепке гранатамен шабуыл жасалды
Шабуылда 2 оқушының қаза тапқаны, 4 оқушының жараланғаны атап көрсетілді.