Қытай әуе жолы шектемелерін жойды
Жаңа енгізілген заңмен шетелден келетін жолаушылар сапарға шығу алдында Қытай елшіліктері мен консулдықтарынан денсаулық кодын алмайды.

Қытайдағы жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне байланысты халықаралық әуе рейстеріне қойылған шектеулер алынып тасталатыны хабарланды.
Қытай Азаматтық авиация басқармасы жасаған мәлімдемеде эпидемияға байланысты халықаралық рейстер мен жолаушылар санына қойылған шектеулердің 8 қаңтардан бастап күшін жоятыны білдірілді.
Шешімге сай әуе компанияларына Қытайдан халықаралық бағыттарға және шетелден Қытайға аптасына бір ғана рейс жасау құқығын беретін және рейстердегі толтыру деңгейін 75 пайызға дейін шектейтін шаралар жойылады.
Отандық және шетелдік әуе компаниялары екіжақты әуе көлігі келісімдеріне сәйкес халықаралық бағыттар бойынша ұшақ рейстерін жалғастырады.
Сонымен бірге Қытай билігінің елге халықаралық рейстердегі жағдайлардың санына қарай «қауіпті» деп санайтын рейстерді тоқтату тәртібіде аяқталады. Ұшақ экипажына бағытталған сыртқа жабық мекенде жұмыс істеу, сынақ жасау және карантиндік талаптар жойылады.
Азаматтық Авиация басқармасы отандық және шетелдік әуе компанияларының халықаралық тұрақты рейстерге сұраныстарының сатылы түрде қабылданатынын хабарлады.
Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясы 26 желтоқсанда Ковид-19-ды «А категориясындағы індет» ретінде емдеу 8 қаңтардан бастап тоқтатылатынын және «Шекарадағы денсаулық және карантин туралы» заңға сәйкес енгізілген шектеулердің жойылатынын да жариялады.
Жаңа енгізілген заңмен шетелден келетін жолаушылар сапарға шығу алдында Қытай елшіліктері мен консулдықтарынан денсаулық кодын алудың қажеті болмайтыны және олар келген жұғымдалғанына қарамай орталық карантинде ұсталмайтыны хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия мен Ресейдің табиғи газ орталығы
Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде журналистердің сұратарына жауап берді.