Ерсин Татар Анкарадағы іскерлерге үн қатты

Ерсин Татар Кипрде келісім жасалатын болса, солтүстіктегі түрік мемлекетінің танылуы керектігін айтты.

1925627
Ерсин Татар Анкарадағы іскерлерге үн қатты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Ерсин Татар Кипрде келісім жасалатын болса, солтүстіктегі түрік мемлекетінің танылуы керектігін айтты.

Ерсін Татар Анкара Сауда Палатасының 29-шы II кезең Мәжіліс жиналысына қатысып, Анкарадағы жұмыс әлемінің өкілдеріне сөз сөйледі.

СКТР Президенті Кипрде келісім жасалуы туралы:

"Кипрде келісім жасалатын болса, солтүстіктегі түрік мемлекеті мен оңтүстігінде Понти республикасына айналған Кипр Республикасы арасында болуы мүмкін. Келісім болса, солтүстіктегі түрік мемлекетінің танылуы керек» деп көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның СКТР-на салынған эмбаргоны алып тастау және Солтүстік Кипрды мемлекет ретінде тану туралы сөзіне тоқталған Татар елінің Түрік Мемлекеттер Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қабылдануының да Түркияның арқасында болғанын атап көрсетті.

СКТР ретінде өздерін оңтүстіктегі түрік мемлекеті ретінде көретіндерін білдірген Татар: «Кипр ұлттық бір арман және СКТР Жерорта теңізінің шығысында өмір сүріп, күшейуі керек. Кипр түрік халқының қауіпсіздігі Түркия және Түркі әлемінің Жерорта теңізінің шығысы мен Көгілдір отандағы ұлттық мүдделері үшін маңызды. Осы себепті біз ұлттық күресті жалғастырудамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар