Ресейдің мұнай шектемесі Германияға әсер етпейді

Роберт Саверин Германияның көктемнен бері Ресей мұнайынан бас тартуға дайындалып жатқанын ескертті.

1924967
Ресейдің мұнай шектемесі Германияға әсер етпейді

Германияның Экономика және климатты қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Роберт Саверин Ресейдің Ресей мұнайына шекті баға белгілеуге қатысқандарға мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға тыйым салуы   Германияның экономикасына ешқандай әсер етпейтінін білдірді.

Үкіметтің апталық баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесінде Саверин Германияның көктемнен бері Ресей мұнайынан бас тартуға дайындалып жатқанын еске салды.

Баспасөз хатшысы Саверин Ресейдің шекті баға өтінішіне қатысушы елдерге мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға тыйым салуына байланысты:

«Мен мұны маңызды емес дегім келмейді, алайда қолданыста шынында тым маңызы жоқ» деді.

Кеше Ресей президенті Владимир Путин қол қойған жарлықпен ресейлік мұнайға шекті баға өтінішіне қатысқандарға мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға тыйым салынған болатын.

2 желтоқсанда Еуропа Одағы елдері Ресейден теңіз арқылы тасымалданатын мұнайдың барреліне 60 долларлық шекті баға беруге келіскен еді.



Ұқсас жаңалықтар