"Жаңа жылға сеніммен кіреміз"

Зеленский армияны жаңа жылға дайындауды жалғастыратындарын айтты.

1924496
"Жаңа жылға сеніммен кіреміз"

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысының жалғасып жатқанын еске салып, армияны келесі жылға дайындауды жалғастыратындарын мәлімдеді.

Зеленский түнде «Telegram» аккаунтында халыққа үндеу жасап, елінде Ресейге қарсы жүріп жатқан соғысқа байланысты соңғы мәліметтерді жариялады.

Владимир Зеленский қорғаныс және қауіпсіздік күштерінің өкілдерімен кездесіп, майдандағы соңғы жағдайды талқылағанын айтты.

Кездесуде Зеленский армияның келесі жылға дайындығы туралы сөйлескендерін білдірді. "Біз Украинаның қорғаныс және қауіпсіздік күштерін келесі жылға дайындауды жалғастырудамыз. Бұл шешуші жыл болуы керек" деді ол.

Украина армиясының барлық маусымға дайын болуы керектігін атап өткен Зеленский «Біз қыста қандай қауіптер бар екенін, көктемде не істеу керектігін білеміз, сондықтан бүкіл қорғаныс және қауіпсіздік секторы қандай нәтиже көрсетуі керек екенін де білеміз» деді.

Мақсаттарының Украинаның барлық жерлерін азат ету екеніне назар аударған Зеленский 2023 жылға осы сеніммен кіретіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар