Украинада қызу қақтығыстар жалғасып жатыр

Дмитрий Кулеба «бейбітшілік саммиті» туралы мәлімдеме жасады.

1924003
Украинада қызу қақтығыстар жалғасып жатыр

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс аймағында қызу қақтығыстардың жалғасып жатқанын айтты.

Зеленский видео үндеу арқылы 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына қатысты соңғы деректерді бөлісті.

Ресей армиясының Донбасста қарқынды шабуылдар жасағанын, бірақ ілгерілей алмағанын атап өткен Зеленский «Ол жердегі жағдай қиын, өте ауыр» деді.

Зеленский ресейлік шабуылдар кезінде энергетикалық инфрақұрылымның зақымдалуына байланысты электр қуаты  үзіліп тұрғанын және 9 миллионға жуық адамның жарықсыз қалғанын айтты.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «бейбітшілік саммиті» туралы мәлімдеме жасады.

Кулеба ақпан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриштің модераторлығымен «бейбітшілік саммитін» ұйымдастыруды мақсат еткендерін білдірді. Кулеба Ресейдің саммитке қатысуы үшін әуелі әскери қылмыстары үшін халықаралық сот алдында жауап беруі керектігін мәлімдеді.

Ресейдің бейбіт келіссөздерге дайын екендігі туралы мәлімдемесінің шындықты көрсетпейтінін білдірген Кулеба «Олардың ұрыс майданында істегендері басқаны көрсетеді» деді.

Киев әкімшілігі Ресейді Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінен (БҰҰК) шығару үшін заңды қадамдар жасауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар