Қытай карантинді алып тастайды

Карантиндік талаптар 8 қаңтарда аяқталады.

1923986
Қытай карантинді алып тастайды

Қытайға барған адамдарға карантиндік талаптар 8 қаңтарда аяқталады.

Бұл -  Қытайдың «нөлдік дерек» саясатынан бас тартқан кездегі бірқатар жаңалықтарының бірі.

Елде коронавирустың жаңа түрімен (Ковид-19) байланысты инфекциялардың саны күрт артты, медицина қызметкерлері инфекциямен күрестің қиынға соққанын айтып отыр.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Қытайға барған барлық жолаушылар міндетті карантиннен өтіп келеді.  Бастапқыда 3 апта болған карантин мерзімі қазір 5 күнге дейін қысқарды.

Жаңа ережелерге сәйкес, Ковид «А сыныбы» жұқпалы аурудан «В сыныбына» төмендетіледіі және осылайша карантиндік мерзім алынып тасталады.


Этикеттер: #ковид , #Қытай , #карантин

Ұқсас жаңалықтар