Оңтүстік Африкада жанармай цистернасы жарылды

Жарылыста қаза тапқандар саны 10-ға жетті.

1923342
Оңтүстік Африкада жанармай цистернасы жарылды

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында жанармай таситын көлікте жарылыс болып, 10 адам қаза тапты.

SABC мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Йоханнесбургтің Боксбург аймағында бір көпірге соқтығысқан цистерна жарылды.

Оқиға салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, өрт сөндірушілерді қосқанда көп адам жарақат алды.

Жарылыс күшінен жақын маңдағы ауруханаға зиян келді.



Ұқсас жаңалықтар