Киевте тағы жарылыс

Кличко «Елорданың Соломянский және Шевченковск аудандарында көптеген жарылыс естілді» деді.

1920540
Киевте тағы жарылыс

Украина астанасы Киев қаласының мэрі Виталий Кличконың хабарлауынша, таңертең елорданың кейбір аудандарында жарылыс дыбыстары естілген.

Кличко өзінің «Telegram» аккаунтындағы жазбасында қалада жарылыс болғанын айтты.

Кличко «Елорданың Соломянский және Шевченковск аудандарында көптеген жарылыс естілді» деген сөздер қолданды.

Киевтегі маңызды инфрақұрылым нысандарының шабуылдарда зақымдалғанын атап көрсеткен Кличко «Киевте зардап шеккендер жоқ. Жедел жәрдем мен құтқару топтары жұмысын жалғастыруда» деп көрсетті.

Киев аймақтық әскери басқармасының басшысы Алексей Кулеба да әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей күштерінің таңертең Киевке ұшқышсыз әуе аппараттармен  шабуыл жасағанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар