АҚШ "Қызыл алмаға" қызыға бастады

"Қызыл алманың" ерекшеліктері АҚШ ақпаратында мақталып жатыр.

1919832
АҚШ "Қызыл алмаға" қызыға бастады

Түркияның ұлттық және еркін жасалған алғашқы ұшқышсыз соғыс ұшағы "Байрактар ​​Қызыл алма" Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) назар аудара бастады.

АҚШ-тың белгілі журналдарының бірі "Newsweek" "Қызыл алманың" алғашқы ұшуын «Украинаны ұшқышсыз әуе аппараттарымен қамдаушы "Байкар" ұшқышсыз «Дыбыстан жылдам» соғыс ұшағын сәтті ұшырды» деген тақырыппен жариялады.

"Қызыл алма" жобасы "Байрактар ТБ-2-мен" салыстырылған жаңалықтарда:

«Қызыл алма Украина Ресейдің шабуылына тойтарыс беру үшін қолданып жатқан "Байрактар ТБ-2" ұшқышсыз аппараттарынан әлдеқайда маңызды ілгерлеу көрсетті» деген бағаландыру жасады.

"Forbes" журналы «Міне, Түркияның 2023 жылы алғаш рет ұшырылуы күтілген әскери ұшағы» атты хабарында "Байкар" әзірлеген "Қызыл елмаға" тоқталды.

"Қызыл елма"  «Түркияның алғашқы реактивті ұшқышсыз ұшу аппараты» деп сипатталған хабарда: «Байкар "әсіресе агрессивті маневрлік қабілеті мен радарға қарсы жасырыну қабілеті ескерілгенде оның айтарлықтай күш болатынын" алға тартуда» деп жазды.

"Қытайдың "J-20 Mighty Dragon" жасырын аулау ұшағына ұқсайтын бір жер серігі-дельта конфигурациясына ие болумен бірге "Қызыл алманың" ішкі қару-жарақ қоймасы бар және тіпті  әуеден әуеге зымырандар атқылай алады. Бұл оны жаудың ықтимал дрондарынан немесе тікұшақтарынан қорғайды" деген бағалау жасады "Forbes" журналы.



Ұқсас жаңалықтар